Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастырыңыз.
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер
бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске
түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радио-телехабарлар, кинолар
аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам
уақыт өтсе де, еш нәрсе де ұмытылған жоқ.
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз тіршілікті қан жылататын, қайғы-қасіретке толы
қаралы сөз. Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы
еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас
ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді.
Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне
қаратпақ болған. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған
фашистер жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61
мемлекет жан-жақтан ат салысты.
Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы,
Ә.Молдағұлова, М.Маметова, Т.Бигелдинов, М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың
ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге, бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге
жеттік. Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде тіпті есімдеріне
байланысты көшелер, кітап-жинақтары, ауыл атаулары берілді. Батырларымыз
болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті.
извините но я не знаю но я помню что мы это проходили