- Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатып, аңдаусызда бір арбаны соғып кетіп, аяғын сындырып алыпты. Ойбайлап жылап жатқан
баланы көріп, шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып,
таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатыпты. Сонда сынықшы кісі:
- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрапты. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға
сыбырлап:
- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп жатыр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, шешемнің жаны одан жаман қиналып,
жүдемесін деп, шыдап жатырмын, - депті.
1. Сейіт аяғын қалай сындырып алды
А) ойнап жүргенде В) арбаны соғып кеткенде С) арбаның астында қалғанда D) балалармен төбелескенде
2. Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мәтелді анықта.
A) Не ексең соны орасың. В) Қанағат қарын тойғызар. С) Шыдамдылық шын қуаныш келтірер. D) Ханда қырық кісінің ақылы
бар.
1) в)арбаны соғып кеткенде
2)С) Шыдамдылық шын қуаныш келтірер.