Мәтінмен жұмыс
тыңдалым оқылым
4-тапсырма. мәтінді тыңда. мәнерлеп оқы. мұғалімнің көмегімен өлең
мазмұнын түсін.
бір тойым болатыны сөзсіз менің! мен өзім де ән салам түн ауғанша,
дәл қай күні екенін айта менің жаным бұл күнге құмар қанша!
бірақ, бірақ
бәйгі берем жығылған палуанға да,
ешкімді де билетпей қайтармаймын! адалдығы сезіліп тұрар болса!
қыз қуатын жігітке ат беремін,
«жанам! » деген жүрекке от беремін!
мен әйтеуір бар жиған-тергенімді,
бір тамаша той қылып өткеремін!
онда ортаға тасталар ұран сондай:
қайта алмайды қартың да бір
ән салмай,
жиырма бестің бәрін
де сабылдыртам,
кемпірлерге қыз күнін сағындыртам!
інілерге ағаны үлгі етемін,
жеңгейлердің толтырам гүлге етегін!
мен, сөйтіп, бар шаңнан бір сілкінемін,
мен, сөйтіп, рақаттанып бір күлемін.
кім білсін, талай күнгі арманым ед,
мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның
төлеген айбергенов
менің жарым бұл түні кірпік ілмей,
ақ көңілімен ақ қайың бүртігіндей,
омырауынан бір сәуір шайқап есіп,
ажырасқанды жүреді қайта қосып. айтылым 6-тапсырма. өлеңдегі тірек сөздерді анықта. есімдіктердің түрлерін ажыратып, кесте түрінде жаз.
Абай Құнанбайұлын зерттеуші ғалымдардың оны "халық ұстазы" деп тануы бекерден-бекер емес,деп ойлаймын.Шынында,ақынның шығармашылық мұралары - халықтың рухани қазынасы,тәлім-тәрбие өзегі.Ақын бар ойын ел болашағы жастарға арнаған еді.Негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеуді мақсат тұтты.Көпшілігіміз білетін:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,-деген жолдарының өзінде-ақ оқу-білімге ынтығу керектігі айтылады.Абайдың шығармаларында жастарды оқу-білімге шақыру қазір де өзекті,тіпті қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды деп білемін.Ия,қазіргі таңда сол кездегідей халық надан емес.Алайда,бір күнін босқа өткізіп жатырған жастар жетерлік.Ондай жандарға ақынның:
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан,-деп үгіт жасағың келеді.Сонымен қатар,өзін түгелімен ғылымға арнап, бірнеше тіл біліп,елімізде ғана емес,шет елде белгілі боп жүрген жас өрендер де жоқ емес.Соларға қарап өзің де бір марқайып қаласың.Білімді жастар саны көбейе берсін дегім келеді.
Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ – ғылыми-ағартушылық мекеме. 1910 жылғы 31 желтоқсанда Верныйда оқу залы ретінде ашылған. 1924 ж. Жетісу губ. көпшілік, 1928 ж. Алматы округтік көпшілік кітапханасы деп аталды. Ал 1931 ж. Қазақ КСР-нің мемл. көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды. Тұңғыш директоры – көрнекті қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхананың басты міндеттерінің бірі Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа өнімдерін жинау деп есептеді. Осыдан бастап, кітапхана республикадағы мемл. ұлттық кітап қорын және жазба мұраларын жинақтап, сақтайтын бірден-бір мекеме қызметін атқарады. Қазақ КСР Мин. Кабинетінің 1991 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен Ұлттық кітапхана мәртебесі берілді. Ол – кітапханатану, библиогр., кітаптану, кітапхана жұмысын автоматтандыру, компьютерлендіру бағытында Қазақстанның ірі ғыл.-зерт. және ғыл.-әдістемелік орталығына айналды. Қазақстандағы баспа өнімдерінің міндетті даналарын, 1995 жылдан ҚР Жоғ. аттестац. к-тінің қорындағы диссертацияларды, 1993 жылдан ЮНЕСКО басылымдарын жинай бастады. Кітапхана 1971 ж. Алматы қ-ның арнаулы жобамен салынған көрнекті сәулет өнері ескерткіштерінің бірі болып табылатын ғимаратқа көшті. Оның жалпы алаңы 29 мың м2, негізгі кітап қоры екі қабатты сөрелерге орналасқан. Кітапханада әлем халықтарының 100-ден астам тілдеріндегі 5,6 млн. дана басылым қоры бар. Бағалы және сирек басылымдар қоры Шығыс халықтарының тілдеріндегі, көне орыс, Еуропа халықтарының тілдеріндегі кітаптардан құралған. Сирек кітаптар арасында араб тіліндегі Құран (12 ғ.), парсы және араб тілдеріндегі басылымдар, Қожа Ахмет Иасауидің еңбектері (Стамбұл, 1897 ж., Ташкент 1915 ж.), Бақырғанидың еңбектері, Низамидің парсы тіліндегі “Хамсасы” (1488 ж.), Фирдаусидің “Шахнамасы” (1723 ж.), Шығыс ақындары Рудакидің, Омар Хайямның, Саадидің, Хафиздің жинақтары, 19 ғ-дың басында жасалған қазақ хандарының шежіресі, әлемдегі сирек библиогр. құндылықтың бірі – корей энциклопедиясы “Мунхон Биго” бар. 14 ғ-да Д.Дидро мен Ж.Л. Д¢Аламбердің редакциялауымен жарық көрген француз тіліндегі “Ғы-лым, өнер және қолөнер туралы энциклопедия немесе түсіндірме сөздік”, көне иврит тіліндегі ұз. 16 м, теріге жазылған Тора, інжіл (“Евангелие”) (14 ғ.) , т.б. сақталған. Кітапханаға күн сайын 2 – 2,5 мың оқырман келеді. Оқырмандарға 1500 орындық 14 арнаулы зал қызмет көрсетеді. Уақытты үнемдеп, оқырмандарды тіркеу, кітап беру және қайтарып алу жұмыстарын жеңілдететін “Штрихкод жүйесі” іске қосылды. Кітапхана мамандары әзірлеген ұлттық компьютерлік РАБИС бағдарламасы кең өріс тауып, сала жұмысы автоматтандырылды. Әлемдік интернет торабы арқылы ақпарат алуға мүмкіндік беретін электронды басылымдар залы, электронды каталог жан-жақты қызмет көрсетеді. Ғыл.-көмекші, анықтамалық-библиогр. құралдар шығарылады. Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің қатысуымен түрлі танымдық шаралар, жаңа кітаптардың тұсаукесері, оқырмандар конференциясы өткізіледі. Кітапхана жұмысы “Халық жады”, “Кітап және қолжазба ескерткіштерді сақтау”, “Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе” атты ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Ұлттық кітапхана АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания, Египет, Франция, Норвегия, Австрия, Түркия, ТМД елдерінің және т.б. елдердің кітапханаларымен байланыс жасап отырады. 1992 жылдан Халықар. кітапханалық ассоциациялар мен мекемелердің, 1993 жылдан Еуразия кітапханалық ассамблеясының мүшесі. “Түркі тілдес елдер кітапханаларының бірлестігі” бағдарламасына қатысады. Оның бастамасымен ҚР-ның кітапханалық ассоциациясы құрылған. К. Қоштаева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том