Мәтіннен көркем сөйлеудің ерекшеліктерін тауып жазыңыз. Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. 1998 жылы 10 - шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша, Астанаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді. Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы, Астана - ғажайып құрылыс алаңы. Әсем шаһар келешектің қаласы, жастардың қаласы,
ответ:.Өсегінен бұлардың пісті шекем,
Ішкіш екем, беу Аға, ішкіш екем.
Мақтап-сықтап көзіңше, у ұсынып,
Ішкізіп-ап соңыңнан "пыш-пыш" етер.
Өзің де Аға, ішкіштің бірі екенсің,
Сен жайында... жарайды... шыр етерсің.
Ой, соларды қоя берш... жеңгем қайда,
Ішкішпіз ғой ақыры, сыра әкелсін.
Басымызда жоқ грамм ақыл мейлі,
Бірақ, неге бізді олар ақын дейді?
Ішкіш десе іштарлар келер-кетер,
Ал, ақынның білесің аты өлмейді.
Артық құйсаң судан да құлар емен,
Сен де, мен де сол уға құмар емен.
Көре алмайтын кісілер дейді көкіп:
- Арақ ішсе жазады бұлар өлең.
Объяснение:

Басты бет АҚПАРАТ
КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕР – КӨРМЕ СӘНІ
20/07/2017
0
9880

Есік қорғанынан табылған Алтын адамның көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен тұрмыста қолданған бұйымдары, Балпық бидің ұрыста киген дулығасы Астана төріндегі Қазақстан Қарулы күштерінің əскери-тарихи музейінде келушілер назарына ұсынылды. Алматы облысының Мəдениет күндері аясында өңір мұражайларынан мұнда барлығы 231 экспонат пен Көркемсурет галереясынан 30-ға жуық картина əкелініпті.
М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Күлəш Исабекованың айтуынша, көрмеге Талдықорғандағы өлкетану музейінің, Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уəлихановтың мемориалдық музейінің, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи мəдени қорық музейінің экспонаттары қойылған. Ал Талдықорғандағы Көркемсурет галереясы мен Жаркент қаласындағы Əбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясынан əкелінген акварельмен, майлы бояумен қағазға, кенепке, ағашқа салынған суреттер астаналықтар мен қала қонақтарының қызығушылығын туғызды.
Келушілерге экскурсоводтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жəдігерлер мен олардың тарихы туралы кеңінен əңгімелеп отырды. Мəселен, Балпық бидің XVIII ғасырда қалмақтармен соғыс кезінде киген дулығасын ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап келген Жоламан ауылында тұратын тікелей ұрпағы 1980 жылдары мұражайға əкеліп тапсырған. Ал жыр алыбы Жамбылдың мулине жібімен тоқыған портретін 1930 жылдары Өзбекстанның он алты жасар суретшісі ақынға сыйға тартқан.