В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
YarikPlex
YarikPlex
08.09.2020 13:39 •  Қазақ тiлi

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын/3/ құрастырыңыз. «Бәйтерек» монументі – елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда.

Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.

Показать ответ
Ответ:
karahenov98Алекс
karahenov98Алекс
05.03.2021 20:43
Басына биік таудың бітеді раң, Жайлайды ол раңды екі түрлі аң. Қолына өткір семсер қылыш алып, Шығады аң аулауға салып ұран. Ат мінген бұл екеуі жүгендемей, Дүниені кетпекші емес түгендемей, Астында екеуінің аты бар, Құрығы шолақ болған бөгендемей. (Жыл, жаз, қыс) Келеді үлкен алып аузын ашып, Жүреді он екі аяқ қадам басып, Отыздан әр бірінде саусағы бар, Құтылмас ешбір адам одан қашып. (Жыл, он екі ай, отыз күн) Жерде жоқ, көкте жоқ, Бір әңгелектен әңгелек шығады. Он екі бөлек, Біреуі-ащы, Біреуі-тұщы. (Он екі ай, жаз бен қыс)
0,0(0 оценок)
Ответ:
Marina22111
Marina22111
21.02.2023 01:52

Құмырсқалардың адамға пайдасы.

Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ.

Сонымен қатар құмырсқа адам денсаулығында да маңызды роль атқарады. Мысалы:

1. Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады екен.

2. Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.

3. Сонымен қатар оның илеуі де ем болады екен. Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.

4. Медицина ғылымында құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады екен.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота