Мәтіннен жай соне тоуелді септеулі сөздерді тауып, топтастырыңдар. Сөйлемде атқарып тұрған қызметін өзара талқыландар.
Халқымыздың ауа райына қатысты танымы тереңде жатыр. Боранды дүлей
күшіне, ашуына, багытына, уақытына, ұзақтығына қарай түрліше атаған.
Боранның табиғи ерекшелігін дәл танып, олардың әрқайсысына жеке-жеке ат
қоя білген тапқырлығына таңғаласың!
Ауа райына қатысты әртүрлі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тұрақты тір-
кестер, көркем шығармалар да көптеп кездеседі. Ата-бабаларымыздың ауа
райына қатысты болжамдары тереңірек зерттелсе, қазақ халқын табиғатпен
тілдесе алатын және астрономиялық білімі терең халық ретінде әлемге таны-
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.
"Әке- асқар тау,
Ана- етегіндегі бұлақ,
Бала-жасындағы құрақ"
-деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.
Осының бәрі "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің... "деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі .
"Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.