Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!
Жер шарындағы әр елдің, әрбір жер түпкіріндегі халықтың өз туған тілдері, ана тілдері болады. Соған көзімізді жеткізе отырып, жер шарындағы тілдердің аз еместігін түсіну қиынға соқтырмайды. Әр халықтың өзіне ғана тән, өзге елдің тілдеріне мүлдем ұқсамайтын, өзіне ғана тәнерекшеліктерге толы, орасан зор байлыққа ие тілдері бар. кез келген тілдердің өзіндік бір ерешеліктері мен қасиеттері бар. Тіл кез-келген адам өмірінде, адамның бір-бірімен қарым-қатынасында үлкен рөл, елеулі орын алады. Адам тілге мұқтаж. Тілдің біздің өмірімізде үлкен орын алатыны тегін емес. Тек тіл арқылы адам бір-бірімен қарым-қатынас жасап, адамның қалпын, дәстүрін, әдет-ғұрпын ғана емес, сонымен қатар біраз уақыт араласу барысында адамның жан дүниесін, жүрек сырын да білуге болады. Өз ана тіліңді жетік білу арқасында өз тіліңді өзге леге танытасың, дәрежесін көтеріп, ана тілін дамытуға үлкен үлес қосасың. Тіл дәрежесінің өсуі тек ата-аналарымызға емес, бізге де, яғни болашақ ұрпаққа байланысты. Оны біз күнделікті өмірден-ақ байқаймыз. Тіліміздің байлығы – еліміздің байлығы…