Математикалық бағыт 4 сынып 1-мысал. Футбол ойынында команда жеңіс үшін3 ұпай, тең түскен кағдайда 1 ұпай, жеңіліс тапқан жағдайда 0 ұпай алады. Зеландия Командасында 11 ұпай бар. Зеландия командасы ең аз дегенде неше ойын ойнауы мүмкін? Жауабы: 5 Берілген тапсырма жетік деңгейдің ашық түрдегі тапсырмасы. Оқушылар натурал сандарға есептеу амалдарын қолдануды талап ететін кетадымды сандық есепті шығаруы қажет. Таныс спорттық кағдаятқа берілген бұл тапсырма стандарттық емес есеп болып абылады, сандар туралы біліммен қатар дамыған логикалық ойлау абілетін қажет етеді.
Қара қарға – басы, қанаты, құйрығы, арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.
Торғай –- сүйір тұмсықты кіп – кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.
Сары шымшықтың кеудесі сары, қауырсындары көкшіл болып келеді. Ол үйдің қасында жүреді
шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі - қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
Күн суытқан кездері оларға күнбағыс, кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды.
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? А кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз.Сондықтан қолымызда бар нәрсемен қанағат етейік!