Сандық — киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым. Сандық — халықтар тұрмысында ерте кездей пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Көшпенді халықтар үшін ол өте-мөте қолайлы болған. Сандықтың аузына көбінесе ішкі құлып, кейде аспа құлып орнатылады. Сандықты жерге қойғанда түбі дым тартпау үшін, оның астыңғы төрт бұрышымен үйлестіре тақтайдан бұрыштан аяқ орнатады. Сандықтың беті әр түрлі бояумен сырланып, өрнектеледі не айшықты қаңылтырмен, кейде өрнекті сүйекпен қапталады. Сандықтың екі бүйіріне тұтқа орнатылады.
Құсбегілік — қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр. Көшпенділер өмірінен берік орын алған үлкен өнер. Оның тәлім-тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасқан және жалғасып та келеді. Адамзат тарихындағы елеулі жаңалықтардың бірі де дәл осы құсбегілік өнер. Басқа басқа өнердің бұл түрі қазаққа етене жақын болғандықтан құсбегілік өнер біздің ұлтымыздың ерекшелігін айқындап, болмысын айшықтайтындай. Оған дәлел ретінде әлемдегі бірде бір елдің мемлекеттік рәміздерінде кездеспейтін қыран бүркіттің тек Қазақстанның ғана туында көрініс тапқандығын айтуға болады. Одан бөлек жыл сайын елімізде бүркітшілер сайысы өткізіліп, түрлі игі шаралар да өткізіліп тұрады. Бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылық өнердің бір түрі болып саналады.. Бұл кәсіппен ертеде көбіне көшпелі түркі тілдес халықтар мен арабтар айналысқан. Бүркітті қолға түсірудің бірнеше тәсілі бар.

Осылай деп ойлайм...:)