Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей. Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай, Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
Сөз айттым «Әзірет Әлі», «айдаһарсыз», Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз». Кәрілікті жамандап, өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз. Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
Батырдан барымташы туар даңғой, Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Кинамай кызыл тілді кел, тілді ал, қой!
Өлеңі бар өнерлі інім, сізге Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге. Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ, Есіл өнер қор болып кетер түзге.
сын есім тап
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.