Вашингтоннан жолдаған мақалаларымызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропа мен Америка Құрама Штаттарына жасаған сапары сәтті басталғандығын, Америка төрінде Елбасымызға үлкен құрмет көрсетілгендігін, ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте Елбасы сөзі үлкен ықыласпен тыңдалып, қолдауға ие болғандығын хабарлаған едік. Ал бүгін Мемлекет басшысының сапары табыспен қорытындыланды деп айта аламыз. Иә, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік осы сапардан үлкен абыроймен оралды. Халықаралық аренадағы Қазақстан беделін асқақтатып қайтты. Егер Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері көп қырлы бейбітсүйгіш сыртқы саясаты тұрғысынан әңгіме қозғайтын болсақ, ата-бабамыздың сан ғасырлық аңсаған арманындай көгілдір түске бөленген көк байрағымыз Солтүстік жарты шардың алып мемлекеттеріне желкілдеп барып, желбіреп қайтты деп жасқанбай айтуға болады. Жаһандық қауіпсіздік мәселесіне арналған саммиттің бірінші сессиясында Елбасына алғашқылар қатарында сөз берген тұста АҚШ Президенті Барак Обаманың өзі Қазақстанды ядролық қарусыздану жөніндегі әлемдегі көшбасшы ел деп атап, Елбасының осы саладағы және мемлекет басқарудағы қызметін жоғары ғимараттарын
Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! *** Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Қоян жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!