бет моншақ – сәукеленің, кимешектің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын моншақ,
жақ моншақ – алтын, күміс қозалармен, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасалған салпыншақты әйелдердің баскиім әшекейі, қырғызша «жаақ» (джаак) – әйел бас киімінің құлақ, самай тұсына тағылатын әшекей,
көз моншақ – кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ), күміс моншақ (кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ,
ақық моншақ, аламоншақ – қара ала көзді моншақ',
алпыс моншақ – көз тимесін деп арнайы тізілген бірнеше түрлі моншақ,
әнгір моншақ – әйелдердің күміске тізген әшекейлі моншағы,
бет моншақ – сәукеленің, кимешектің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын моншақ,
жақ моншақ – алтын, күміс қозалармен, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасалған салпыншақты әйелдердің баскиім әшекейі, қырғызша «жаақ» (джаак) – әйел бас киімінің құлақ, самай тұсына тағылатын әшекей,
көз моншақ – кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ), күміс моншақ (кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ,
күміс моншақ – күміс тиындары бар моншақ,
қызыл моншақ – қызыл маржаннан тізілген моншақ,
меруерт моншақ - біріңғай меруерттен тізген моншақ,
су моншақ - ұсақ тастардан тізілген моншақ, арзан қолды моншақ,
тайтұяқ моншақ – кесек күмістерден араластырыла жасалған моншақ, тайтұяқ күмістен жасалған алқа,
тал-тал моншақ – бірнеше қатарлы моншақ,
тана моншақ – күміс танадай жарқырап тұратын күмісті, асыл тасты моншақ,
тоғыз моншақ – моншақтың бір түрі,
шаш моншақ – бұрымның ұшына тағылатын әшекей, қырғыздарда чач мончок – күміс пластинкамен байланыстырылған, жіпке тізілген маржан, асыл тасты әшекей,
шұбыртпа – тізілген моншақ, баскиімге салпыншақ ретінде тағылатын моншақ.
Тал моншақ – тақияға, сырткиімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ түрі.