Жақсы адам әркезде айналасындағыларға қамқор болады, қолынан келген жақсылығын жасайды, жақсылық жасай алмаған күнде зиянын тигізбеуге тырысады. Ақыл адам бойындағы жақсы қасиет, қандай да бір істі бастамас бұрын ақылға салып, ойланып алған дұрыс. Ол танымал ақын, ел оны құрметтейді, өлеңдерін оқиды. Талантты адам түбінде мақсатына жетеді, өйткені талант кез келген адамда бола бермейтін табиғи сый. Адам ерінбей еңбек етуі қажет, еңбек әруақытта өз жемісін береді. Жақсы қарым-қатынас татулықтың белгісі, татулық бар жерде береке бар. Келін мен ене сыйластықта болса, бақыт пен қуанышқа кенеледі. Ертеңің жақсы болсын десең, бүгін ерінбеуің керек, сабағыңды жақсы оқып, білім алып, жақсы маман болсаң, келешекте оның рахатын көресің. Жақсы ұстаз шәкірттеріне үлгі, оны олар өмір бойы есінде сақтайды. Отбасында сүйіспеншілік болсын, үлкен кішіге қамқорлық жасасын, кіші үлкенге ізет көрсетсін.