Мен кино көргенді ұнатамын.Кино адамды әр түрлі бағытта тәрбиелейді. Кейбір кинофильмдер адамдарды қатал, аяусыз болуға үйретсе, енді бірі мейірімді, адал, жанашыр болуға үйретеді. Қазіргі кезде сан түрлі кинофильмдер бар. Мысалы: үнді телехикаялары, сонымен қатар кореяның телехикаялары көп.Балаларға да арналған кинофильмдер көп.Қандай кинофильмдер болса да барлығының соңында тек әділдік жеңіске жетеді.Мен ойлаймын, осы көрсетіліп жатқан кинофильмдер міндетті түрде өмірден алынады деп.