В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
leylakhalimova
leylakhalimova
08.06.2022 22:38 •  Қазақ тiлi

Написать сочинение. ХХ ғасырдағы әнші ақындар шығармашылығы.
Жоспар.
1. Әншілік өнер деген не? 4 предложения
2. (Тут нужно написать конкретнее об одном композиторе) 8 предложений.
3. Әнші ақындар шығармашылығы туралы менің ойым. 4 предложения

Показать ответ
Ответ:
KIRILLX228
KIRILLX228
11.09.2020 19:51

ХХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығы.

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың рухани байлығы. Жыр дүлділі Жамбыл Жабаев: "Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі" деген екен. Шынымен де, әншілік – ол сол халықтың өнері ғана емес, өткенінен сыр шертетін қазынасы. Тарихымызға көз салсақ бізде көптеген әнші тұлғалар болған, әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі ән өнеріне үлкен үлес қосқан сал-сері, әншілерімізді ерекше атап өтсек болады.

Атақты Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түскендердің бірі – Әсет Найманбайұлы. Ол – қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы. Сазгер әрі әнші ретіндегі шығармашылық жолын бар болғаны он төрт-он бес жасында бастайды. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері болды. Жас кезіндегі әндерінде, атап айтсам, "Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал" психологиялық тереңдік пен адамның жанын қозғайтын нәзіктік бар. Әсет Найманбайұлы өз шығармаларында өмірге деген шексіз құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас сүйіспеншілігін жырлады. Оған қоса әнші "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б әндерінің авторы. Ұлы даланың ән падишасы, теңдессіз әнші Әсет Найманбайұлының есімі мәңгі ұмытылмай, оның шығармалары ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табады деп сеніммен айта аламын.

Қорыта келе айтарым, әнші ақындарымыздың өлең-жырларынан біздің алар тәрбиеміз мол деп білемін. Себебі олар қалыптастырған дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы мен өмірі, тұрмыс тіршілігі, қоғамдық  қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көрініс тапқан. Қазақ халқы ежелден өзінің әншілік өнермен ерекшеленген. Сондықтан да, әнші,сазгерлеріміз қалдырған мұраны тұтастай зерттеп, қорғай білуіміз керек.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота