Нужно с казанского перевести на русский Мәңгілік ел» салтанат қақпасы - айрықша сәулет ескерткіші. «Мәңгілік ел» жазуы қақпаны көріктендіріп тұр. Арка ұлттың оюмен безендірілген. Абыз ақсақал мен данагөй ананың, қаһарман батыр мен елшіл жауынгердің қола мүсіндері өнерлі қазақ халқының рухани өмірінің тыныс-тіршілігін білдіреді. Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тайқазанның көшірме үлгісі орнатылғанымен қоса онда қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі - қалқан бейнеленген. Қақпаның бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған. Онда Егемендік туралы декларация көрсетілген. Бұл қабырғада «Ақорда», «Бәйтерек» секілді маңызды нысандардың суреттері салынған (С. Негимов). Найти в
Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.