В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
eniyo2005
eniyo2005
15.02.2020 00:14 •  Қазақ тiлi

Оқылым
Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы... Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың! Қарасаң көзің тоймайды!
Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

1. Қазақстанның табиғаты қандай?



2.Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударып жазыңыз
Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал.

Жазылым
Берілген үш сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз. Жазба жұмыстарында себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.

1. Жаһандық мәселе: демография
Сіз география пәні бойынша еліміздің демографиялық жағдайын зерттеп жүрсіз. Осы зерттеуіңіз туралы шағын мақала жазыңыз.

2. Роботтар мен киборгтер әлемі
Оқушылар арасындағы мектепішілік олимпиадада «Сіздің ойыңызша, болашақта адам еңбегін роботтар толықтай алмастыра алады ма?» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Берілген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз.

3. Қазақстандық туризм және экотуризм
Туристік кітапшаға арнап өзіңіз тұратын қала немесе аймақ туралы нұсқаулық мәтінін жазыңыз. Аймақ туралы барынша толық ақпарат беріп, туристерді қызықтыруға тырысыңыз.



қою кестесі
Тыңдалым

Оқылым

Сұрақ Жауап Жалпы
Оқылым 1. Қазақстанның табиғаты қандай? Жауап жазады; 5
2.Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударып жазады

Жазылым
Мазмұны мен дұрыс жазылуы
( ) Тілі ( )
5 Өте жақсы
Жауап толық, нақты негізделген және өте жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Жазба жұмысының құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады. Өте жақсы
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс.
Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.
4 Жақсы
Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы жақсы, аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді. Жақсы
Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады. Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
3 Қанағаттанарлық
Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз. Жазба жұмысы дұрыс жазылған, бірақ
кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған. Қанағаттанарлық
Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс. Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
2 Төмен
Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателер мен сәйкессіздіктер бар, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған. Төмен
Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз. Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.
1 Өте төмен
Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді. Жазба жұмысының құрылымы сақталмаған және аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз. Өте төмен
Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате. Көптеген қателіктер кетірген, түсінуге қиындық келтіреді.
0 Жауап жоқ. Жауап жоқ.

Показать ответ
Ответ:
shvey
shvey
08.05.2020 10:15

Роботтар адам орнын алмастырады.

21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десем, артық болмас. Бұлай айтуымның себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда. Робот сөзіне анықтама берер болсақ, ол - адам тәрізді әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы.

Соңғы уақытта ойлап табылған роботтар адамдардың еңбегін жартылай немесе толықтай алмастыра алады, кейбіреулері ойын – сауық мақсатында қолданылады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босатты.

Техниканың дамуы бір орында тұрмайды. Қазіргі уақытта адам орнын толықтай алмастыра алатын, тіпті адамдармен толыққанды диалог жүргізіп, бала күтімінде де қолданылатын роботтар шығарылуда.

Робот - техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот - техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды. Бұл қазіргі уақыттың қажеттілігі мен тенденциясы деп айтсақ та болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kektuber222owf6bv
kektuber222owf6bv
23.04.2021 12:45
Менің отаным - Қазақстан. Қазақстан өте үлкен мемлекет. Президенті Нұрсұлтан Абишевич Назарбаев. Қазақстанның астанасы Астана. Ол үлкен және әдемі қала. Бәйтерек Астананың символы.
Қазақстанда жеті керемет бар. Бәйтерек монументті Астанада орналасқан. Қазақтың ұлттық аспабы домбыра және киіз үй де жеті кереметке кіреді.
Мен Алматы қаласында тұрамын. Алматыда әлемі орындар өте көп. Мысалы, Алматы өзені. Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған монумент бар. Бұл қанатты барыстағы Алтын Адам.
Қазақстан бұл өте мықты,үлкен, тәуелсіз және әдемі мемлекет.
Менің Отаным Қазақстан
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота