Оқылым мәтіні бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып,
жинақы мәтін жаз. Сөз саны -60-70.
Геолог ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан
ғылым Академиясының ұйымдастырушысы
және тұңғыш президенті, Ертіс өңірінің
академиктер әлемінің бас ұйытқысы, ұлы дала
жұлдызы, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш
Имантайұлы Баянауылдың батыс бөктерінен
күншілік жерде, өзеннің жағасында ірге
тепкен Сәтбай қажының кіші ауылында
дүниеге келген. Содан болар, Семей елін - Абай
елі десе, Кереку елін - Қаныш елі деп айтады.
Қаныш аға ғылым ордасын көтерген күнгі
салтанатта сөйлеген сөзінде былай деген
екен: «Ғылым жалған мадақты сүймейді,
ғылым биік сарайына біреуді жақсы көріп, иә
жалтақтап жүріп кіре алмайсың. Ғылым
ымырашылықты, бос мақтан
даурытпалықты, өтірік мәлімет, өсек аяңды,
көрсе-қызарлықты да көтермейді. Оған ниет,
таза жүрекпен барукерек».
Баянауыл елі - қазақ халқының киелі да
қастерлі жері. Ата-баба дәстүрінде
тәрбиеленген ұрпақтан ғұлама ғалымдар
шыққан. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев та осы
қасиетті жерде дүниеге келді. Баянауыл
тауларында табиғи тастан «жасалған»,
небір таңғажайып сәулеттерді кездестіреміз.
Теміртау сияқты алып қаланы тұрғызу,
металлургия кешенін салуидеясын 1946жылдан бастап жоғарғы жаққа өтінішпен
шығып, ойларын жүзеге асырды. Қаныш аға
ұлы даланың көп жылдар толғатып,
заманалар тоғысуынан соң, ХІХ ғасырда қазақ
халқына сый етті.
Баянның қарағайы мен жүпардай аңқыған
көкорай шөптердің хош иісін қанша жүтсаң
да көкірек бір тоймайды. Баянауылдың
бейресми әнұранына айналған, сөзі Қабдікәрім
Ыдырысовтың, әні Нұрғиса Тілендиевтің
«Баянауыл вальсінің» қайырмасында «Баянның
Қанышы көпке әйгілі» деген сөздер алынып,
«ұлдары» деген сөзге өзгертілген екен. Жан-
жақты ойластырылып, жасалған әрекет екені
белгілі. Академияның негізін салған дара тұлға
кейінгі ұрпақтарға үлкен жол сілтеп кетті.
Макро (грекше makros — үлкен, ұзын) — үлкен, ірі деген мағынаны білдіретін күрделі сөздің бөлігі (мысалы, макрофагтар, макромолекула).
Макро... - бір заттың үлкендігін ұзындығын байқататын ұғым, көбінесе микроға қарсы қойылатын көлемді көрсететін, мысалға, макрофагтар, макронуклеус.
Микро (гр. mikros – аз ұсақ)
қандай да бір нәрсе мөлшерінің ұсақтығын не оның шамасының аздығын (макро...-ға қарама-қарсы) көрсететін күрделі сөздің құрамдас бөлігі (мысалы, микроклимат, микроорганизм);
Негізгі бірліктің миллионнан бір үлесіне тең мөлшердегі үлестік бірліктерді жасау үшін қолданылатын сөздің бастапқы бөлігі.
Әлем мәдениеті - "ғаламдық ауыл" ретіндегі әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған адамдар арасындағы қарым-қатынас пен биліктің жаңа жүйесі. Жаһандану және жоғары технологиялар ғасырында қоғам ұдайы мәдени, экономикалық немесе саяси өзгеріс үстінде. Адамдарға қауіпсіздікте гүлденіп, дамитын бейбіт элем қажет. Қауіпсіздікке, түрақтылық- қа және тиімді дамуға жетудің негізгі жолы - қазіргі барлық мәдени үстаным- дардың түбегейлі өзгеруі. "Әлемдік мәдениет жүйесін" құру объективті әрі тепе-теңдікті ұстанатын, этикалық нормаларға сүйенетін бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) құру. Бұл әлемдік мәдениеттің жаңа жүйесі әрі жек көрушілік, сенімсіздік, қақтығыс пен соғыс тудыратын қарабайыр мәдениетті "ғаламдық ауылымыздан" ығыстырып шығаруды көздейді.