Заттың түр-түсін білдіретін сын есімді табыңыз. а) жақсының аты өлмейді в) қатты мінез адамды жақындарынан алыстатуы мүмкін с) терең көл, телегей теңіз жан-жағымыз д) жирен сақал көзін бағжаң еткізді.
Көш жолдары – қыстаудан жазғы жайылымға немесе жаз жайлаудан қыстауға көшетін дәстүрлі көш бағыттары. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайына байланысты қалыптасып, халықтың үш мың жыл бойғы табиғатты пайдалануы мен тыныс-тіршіліктерін қамтамасыз етуінің негізгі формасы – көшпелі мал ш. болды.
Қысқы жайылымдар үшін көл жағалаулары, өзен аңғарлары, тау шатқалдары, тоғай шеті, мал табындарын қарлы борандардан және үскірік желден қалқалайтын табиғи ықтасындары бар жерлер пайдаланылды. Күзгі, көктемгі жайылымдар қыстауларға жақын, қар кеш түсіп, ерте кететін жерлерге орналасты. Жазғы жайылымдар міндетті түрде жауын-шашын сулары көп жиналатын, шөбі қалың өсетін және табиғи су қорлары бар өңірлерден таңдалған.
Қазақ халқының шығу тегін зерттеу, оны оқыту мәселесін қарастырғанда, біз көне дәуірлерде жерімізде өмір сүрген тайпалар тарихына соқпай өте алмаймыз. Әрине, бұдан 3—4 мың жыл бұрын қазақ жерінде өмір сүріп, көне мәдениеттің ескерткіштерін қалдырған тайпаларды қазақ халқының тікелей ата-бабасы деу шындықтан алысырақ болар. Сонымен қатар бұл тайпалардың қазақ мәдениетінің, дәстүрлі шаруашылығының, т.б. этностық қасиеттерінің қалыптасуына қатынасы болған-болмағандығын саралау — ғылыми қажеттілік деп есептейміз.