Оқылым мәтінінен бөлек жазылатын күрделі сөздерді теріп, кестені толтырыңдар. Мәтінде кездеспеген қатарды өздерің толтырыңдар.
Күрделі атаулар
Күрделі сан есімдер, сын есімдер мен етістіктер
Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі
етістіктер
Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері тіркескен зат есімдер
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың. Берілген мысалдардағы оқығым келеді, жетсе игі еді, айтқайсың деген етістіктер іс иесінің (мен) оқу іс-әрекетін, (ол) үйіне жету кимылын, (сен) айту іс-әрекетін қалау мәнін, соған ынтасын білдіріп тұр.
Қалау рай мынадай жолдармен жасалады.
1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде III жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді
2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді.
-Сәлеметсіз бе,сіз мұражай қызметкерісіз бе?
-Ия, мен сізді өлкетану мұражайымен таныстырамын.
-Сақтар шаруашылығы туралы айтыңызшы.
-Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан:жылқы,миыр,қой,түйе өсірген.
-Сақтарға олардан қандай пайда болды?
- Сақтар малдың етін,сүтін азық қылған, терісі мен жүнін де тұрмыста қолданған.
-Неліктен олар ірі қараны аз өсірген?
- Өйткені ірі малға жем-шөп азық түлік көп қажет болды.
- Тағы басқа немен айналысқан?
-Сақтар егіншілікпен де айналысқан көрінеді.
-Оған дәлел бар ма?
-Әрине, Қызылорда облысының Шірік-Рабат деген малшы қонысының маңынан суару каналдарының іздері табылған. Олар қара бидай,тары,арпа өсірген.
- Сақтарда басқа кәсіп болмаған ба?
-Қосымша кәсіп ретінде балық аулаған.Әсіресе,Ертіс өзені мен Сырдария өзені бойында балық аулау кәсібі кең тараған. Біртіндеп отырықшылыққа үйренген сақтарда қолөнер мен сауда дамып,қалалар пайда бола бастады.
-Әңгімеңізге көп-көп рахмет!
Объяснение: