ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ -тапсырма.
2
Ғаламтордан алынған мәліметтерді кірістіріп, фастфуд тағамдары
туралы шағын мәтін құрап жаз. Мәтінде мекен үстеуі мен мезгіл
үстеулерін, жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерін қолдан.
о
о
о
Фастфуд дүкені алғаш рет 1919 жылы Калифорнияда «А&W Root Beer»
деген атпен ашылды.
Фри картобына да сұраныс өсті. Мысалы, 2010 жылдың өзінде
америкалықтар 3 миллион тонна фри картобын жеген.
Фастфуд тағамдары америкалықтардың артық салмақ қосуына әкелді.
Америкада артық салмақтан жылына 248 мың адам қайтыс болады.
Америкалықтар 1970 жылы фастфудқа 6 миллиард доллар жұмсаған. Е
2011 жылы 142 миллиард долларға жетті.
Солтүстік Кореяда «Кока-Кола» мен «Пепси-Кола» сатылмайды.
Жомарттық – қайырымдылық тамшысы.
«Жомарттың аты талай жыл өтсе де ел аузында жүреді» деп Рашид-әд-дин айтып кеткендей, жомарттық немесе жауанмәрттілік, кеңпейілділік – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Жомарттық дегеніміз – қолыңдағы бармен өзгемен бөлісу. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Әдетте, жомарттықпен бірге қайырымдылық та бірге жүреді. Бұл ізгі қасиеттер, менің ойымша, отбасынан, яғни отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Мысалы, біздің анамыз үнемі бізге «бір тілім қара нан болса да, бөліп жеңдер», «өзгелермен бөлісіңдер» деп жадымызға құйып отырады, сондықтан біздің қолымызда бір қампит болса біз бөліп жеуге тырысамыз, ешкімнен қолымыздағы нәрсені аямай, кеңпейіл болуға тырысамыз.
Бүгінгі таңда елімізде қайырымдылық қорлар мен қайырымдылық науқандар жиі өткізіліп тұрады, біз де осындай қайырымдылық іс – шараларынан қалыс қалмай, мүмкіндігімізше аи салысуға тырысамыз. “Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы өте орында айтылған секілді, себебі жомарт эандар мұқтаж адамдарға көмектесіп, демеушілік танытады.
Қазақ халқы жомарттық қасиетті ерекше ардақтап, балаларына «Жомарт» деген есім беріп жатады. Тіпті халық арасында дарқандылығымен танылған адамды «Атымтай Жомарт» бейнесімен ұштастырып жатады.