ОҚЫЛЫМ
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіннің идеясын анықта.
Еліміздің болашақ көшбасшылары – бүгінгі студенттер мен мек-
теп оқушылары «Қазақстанның іргетасына қаланған әрбір кірпішін»
білуге тиіс. ...Сіздердің, бүгінгі жастардың, ерекше ұрпақ екендеріңізді
қайталаудан мен жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге
келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақта-
рыңыз – біздің еліміздің көтерілу, гүлдену мезгілі. Сіздер осы жетістік-
тер мен табысқа жете беру рухын бойларыңызға сіңіргенсіздер. Атап
айтқанда, біздің еліміздің тағдыры сіздердің тағдырларыңызбен
айқындалады (Н.Назарбаев).
ЖАЗЫЛЫМ
- Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың?
- Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан.
- Неліктен? Бұл сан туралы не білесің?
- Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты.
Сен үшін қандай сандар қасиетті?
- Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін.
- Бұл санның қандай қаситеі бар?
- Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар.
- Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр.
- Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.