Мысық – ең сүйкімді де кең таралған үй жануары.Олар өздерінің сүйкімділігімен нәзік жандылардың біршама бөлігін баулиды.Адам бойынша қанша пайыз су болса,мысықтар да өз өмірінде сонша ұйықтайтыны таң қалдырады."Мысық жоқта тышқан төбеге шығады" демекші,мысық әдемі жануар ғана емес,ол ептілігімен де көзге түседі.Мысық бар үйде тышқан жоқ дейтіні сондықтан.Сонымен қатар,мысықтар үйде жүріп үй іші адамдарына жайлылық силап,ауруларына сәл де болса ем болады екен.Мысалы,мысықтың қарапайым пырылдағанының өзі адам имунитетін жақсартып,жүректің соғысын қалыпқа келтіреді.Мысықтар адамдармен қатарласа көптеген рекордтар жасаған.Кейбіріне тіпті ескерткіш те тұрғызылған.Бұл жануарлардың қызығы мен шыжығы әлі көп екені сөзсіз.
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Тозған қазды
Топтанған қарға алады.
Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.
Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.
Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.Ынтымақ түбі — игілік.
Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.
Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.
Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
Қырық кісі — бір жақ,
Қыңыр кісі — бір жақ.
Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.
Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.
Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш — орман.
Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.
Күш — бірлікте.
Саусақ бірікпей —
Ине ілікпейді.
Ауыл болса — қауым бол.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
Біршілік болмай — тіршілік болмайды.
Ұйымдасқан ұтады.
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды.
Қосылғанның — қолы ұзын,
Қос керуеннің — жолы ұзын.
Байлық байлық емес, бірлік — байлық.
Қол жұмылмай — жылынбайды.
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
Құрама жиып ел өткен,
Құрақ жиып шөп еткен.
Ұйымдасқан ұтады.
Ынтымақтың арты игі.
Ынтымақсыз елді —
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді —
Дұрысы билейді.
Жұрт келгендей жиын болсын,
Жұмылған қолдай ұйым болсын.
Шығарма
Мысық.