Қонаққа бару мәдениеті Конажайылық - қазақ халқының бет бейнесін ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл
касиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір біріне деген құрметті арттыра түседі
Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас дәм беру қонақжан тылықтың
«Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран откен жұрт қонаққа барғанда мына
кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа дақытуды деликатын баратын
сыйлығыңызға қоса үйі несіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте
немесе кешікпей дәл уақытында (бару - мәдениеттіліктің белгісі Ой ткені тым ертерек
болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа дона та а да ініцгайсыз жағдай тудырады деп
мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан, басында дұрыс тыла олу де тәрбиені
көрсетсе керек. Айтылар әeriме ортақ болуына да кеңіх стени жени (сындай бас қосуда
Какен кісілер көрген-білгендердин жастарға өнеге егінде ортаға салады
Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондай да булскалардың көңіл бөлінбес
үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткени а зат Қохихаарла і не херце рақмет айтуды
Maharan sex
Жоспар
Кіріспе бөлім
Hentar OSIM
е)
Корытынды бөлу
Дәрігер болғым келеді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.
Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.