Қонақтар әңгімесі бойынша 1. Баласын күткен қарттардың өзара әңгімесінен нені ұқтыңдар?
2.Кемпірдің баласының қолына барып тұрғысы келуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
3.Ерекең баласының қолына баруға неге қарсы?
4.Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін қалай ұстады?
5. Келіні Томаның қылығы: отырысы, шай құюы,киім киісі туралы не айтар едіңдер? Қайда өскендігін аңғардыңдар?
6.Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
7. Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?
8. Әңгімеде автор қандай мәселені көтеріп отыр?
Имандылық – тәрбие негізі
Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.