Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң алтын бесігі. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олар ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әкешешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті. Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді. Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді тауып жазыңыздар. вот перевод:
Семьи - это люди, живущие вместе в родственных отношениях. Они подчиняются законам и правилам семьи. Семья - золотая колыбель человечества. В традиционной казахской семье родители пользуются особенным уважением. Когда они стали старше, им приходилось заботиться о своих родителях. В той мере, в какой родители несут ответственность за воспитание своих детей, дети также несут ответственность за заботу о своих родителях в старости. Отец занимает особое место в казахской семье. Отец - это основа семьи. Члены семьи слушают своего отца. Роль матери тоже особенная. И отец, и дети уважают мать. У девушки большое место в казахской семье. Девочку особенно уважают. Самый младший ребенок - самый младший ребенок в семье. Хотя у самого младшего ребенка своя семья, он живет с родителями. Потому что он хозяин черного дома. Кара Шанырак - большой дом, дом для родителей. Дети и родственники всех этих семей собираются в Кара-Шаныраке. Найдите и напишите в тексте определенные и неопределенные существительные.
Ардақты әкешім мен анашым!
Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтағым келеді!
Дана халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» сіздер бойымызға тәлім – тәрбие дарытып, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары бойымызға сіңірдіңіздер. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше. Сондықтан сіздерге басымды иіп, шексіз алғысымды білдіргім келеді. Денсаулықтарыңыз мықты, өмір жастарыңыз ұзақ болғай!
Мен сіздерді жақсы көремін, құрмет тұтамын, сіздермен мақтанамын!
Мен таныған Абай.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.