Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Отбасындағы
адамдар бір-біріне тосынсыйлар ұйымдастыру, мерекелер сайын
сыйлық жасау, бір-біріне қолдау көрсету арқылы өзара
сыйластықтарын көрсетеді. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар
сайын отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол
дастарқан басына жиналып, бір-бірлеріне деген құттықтауларын
білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді.
Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне
байланысты әр түрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық
болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан
жайған. Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор
болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу сияқты отбасылық
дәстүрлер ертеден қалыптасқан. Орыс халқында балаға
отбасындағы құрметті адамның есімін беру және отбасылық
мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу дәстүрі бар.
Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-
біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ
тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады: Себебі «Отан отбасынан
басталады».
Мен аралға тап болсам...
Кей кездері қиялдың жетегіне еріп, «мен ешкім тұрмайтын аралға тап болсам, не істер едім?» деген сұраққа жауап іздеймін.
Әрине, ең алдымен қобалжымай, «жас табиғат зерттеушісі» үйірмесінде осы жайлы үйренгенімді еске түсіруім қажет. Сонымен, кеме немесе ұшақ апаты болған жағдайда барлық адамдарды бір топқа жинау керек. Осылайша өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мен жараланған адамдарға көмектесу оңай болады. Одан кейін ұшақта немесе кемеде қалған құнды әрі керекті заттардың барлығын жинастыру керек. Бұл дегеніміз – түрлі дәрі – дәрмектер, байланыс құралдары, тамақ, киім, көрпелер секілді заттар болуы мүмкін. Одан кейінгі кезекте аралды барлауға шығып, аборигендер, жанартаулар, жабайы жануарлар бар – жоқтығын тексеру қажет. Келесі кезекте ауыз су іздеу керек, көп аралдарды жер асты сулары болады. Болмаған жағдайда жаңбырдың суын жинауға болады. Сосын ұйықтайтын жер мен күн көзінен тығылуға болатын жерді қамдау керек. Жоғарыда айтылған іс – әрекеттерден соң от жағу керек. Оттың көмегімен тамақ пісіріп, жылынып, су қайнатып, киім кептіріп, жабайы жануарлардан қорғануға болады. Және міндетті түрде СОС белгісін беру керек.
Міне, мен ойда жоқта аралға тап болып жатсам, осы іс – әрекеттерді жасайтын едім.