ответить на вопросы по тексту ол кезде мен едім, апам жастау еді. әкешешеміз мал соңында жүретін. айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, өзілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй, әрине, бізге де ортақ. қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы айғайлап шулаған ң базарына айналатын. біздің үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты бұқтырма жаз шыға ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекені еді. тоң боп қатқан пимасын, сүңгілесе су болған көйлек- біздің үйге келіп кептіретін. сонда апам менің ғана емес, мұқым ауыл ң абзал анасы сықылданатын. әңгімеде қай кезең суреттеледі? әңгімені кім айтып отыр? кейіпкер неліктен апасын ауыл ң абзал анасына теңеді?
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.