Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.
Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек.
Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.
Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.
Сырдария – Орта Азияның ең ұзын өзендерінің бірі, ол Ферғана алқабының шығыс бөлігіндегі Нарын мен Қарадарияның қосылысуынан пайда болады. Оның ұзындығы – 2212 км (Нарын өзенін қосқанда 3019 км), ал жалпы ауданы – 219000 км². Өзеннің ағысы Қырғызстан елінің таулы аймақтарында қалыптасып, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан аумағы арқылы Арал теңізіне құйылады. Жағасында, Қызылорда, Шардара, Байқоңыр және Худжанд қалалары орналасқан. Өзен тар болғандықтан, кеме жүргізу үшін жарамсыз. Бірақ, суару арналарының көп болуы, Ферғана алқабында қауын мен мақтаны үлкен мөлшерде өсіруге әсер етті. Алайда, ХХ ғасырдағы адамның ақылсыз әрекеті, аймақтың экологиялық жүйесіне жағымсыз салдар әкелді. Шаруашылық қажеттіліктер үшін кеңінен қолданылуына байланысты, судың көлемі 1960 жылмен салыстырғанда, 10 есе азайды. Кеңес үкіметі кезінде, бұл өзеннен жылына 300 тонна балық ауланатын. Қазіргі уақытта, балықтың түрі де, саны да күрт азайған. Сырдария бойында, өткен ғасырдың ортасында Шардара су қоймасы құрылды. Ол егістіктерді суару мақсатында пайдаланылады. Ал, 2011 жылы көктемгі су тасқынын тоқтату мақсатында, Көксарай су қоймасы салынды. Оның ұзындығы 45 км, жалпы көлемі 3 миллиард текше метрді құрайды. Сырдария жағалауында: қабандар, үйректер, қырғауылдар, қаздар және сирек жағдайда жолбарыстар кездеседі. Суында: құбылмалы бақтақ, қызылқанат, айнакөз, сүйрікқанат, қара амур және т.б. балық түрлері тіршілік етеді. Адамдар көне заманнан бері Сырдарияның бойында қоныстанған. Оның ежелгі атауы – «Яқсарт». Мұнда, Ұлы Жібек жолының керуендері өтіп, солтүстікке қарай бет алған.

Объяснение: