Ойлау дағдыларының деңгейі жоғары деңгейі дағдылары Орындау уақыты
5 20 MIXнут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз (мәтінді ықшамдауға болады). Жұпта мәтіннің қысқаша
мазмұнын айтыңыз.
Әлемнің ең үлкен кітапханасы
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар
кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор
Еренгайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен
ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі калмай
жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана
болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр
Әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық
Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардын
болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті
Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітапты
өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол
кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана
ғимараты және ондағы жұмыс жтейтін ғалымдарды қаржыландыру кала бюджетіне оңайға
түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусы
құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат
қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір-
түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін
Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің
парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында
кейін сараб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылын
жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифiнiң шақыртуымен Бағдатқа барған. Ось
кездегі Бағдат Халифiнiң басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын
ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғань
айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар
ТА
ба хот
ТЕ
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!
Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.