перефразировать Менің туған отбасым — кәдімгі отбасыларының бірі . Әкем кедей шаруадан шыккан . Әкемнің аздаған білімі болатын . Қолы өнерлі еді . Сондықтан ол ағаш ұстасы , шешем сауыншы болды . Тұрм жақсарып жұрт дәулетті тұрды . Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын . Кішкене бақшамызда алма шие , алша қарақат өсетін . Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын . Өзімнің үш жасау кезім әлі есімде . Апам мейрам күні мектепке ала барды . Мен орындыққа шығып тұрып , тақпақ айттым . Оқушылар мені мақтап қол шапалақтады . Содан былай мен мектепке баруды арман еттім . Ағам мен апамдай сабақ оқығым келді . Құрбыларыммен бірге мектептің терезесінен сығалап , шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын
Негізі адамды бірінші көргенде киіміне қарап бағалайтынымыз шындық. Одан кейін барып сөйлеу манеріне, мінезіне мəн береміз. Тиянақты киінген адам кімге ұнамайды дейсіз? Ал қымбат, арзан киінуіне келер болсақ: киімнің бағасы маңызды емес. Оны киген адамға байланысты. Арзан киінген адамның жан дүниесі қымбат болуы мүмкін. Немесе керісінше. Сондықтан киімге қарап бағалау қателік. Істемейтін сағат күніне екі рет дұрыс уақыт көрсететіні сияқты, кейбір адамдардың киімі жан дүниесі секілді қымбат болуы мүмкін. Немесе керісінше
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.