Перевести хотя бы половину қазақ халқы – ежелден қонақ десе, ішкен асын жерге қоятын халық. үй иесі бұрын танысын, танымасын «құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. оның үстіне қазақта «қырықтың бірі - қыдыр», «қонақты қусаң- құт,ырыс қашады», «қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені.алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. содан кейін шай ішіледі. шайды құю, қонақтарға орнымен сый-сияпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. үй иесінің да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді.қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.