Перевести, только не с интернета перевод. бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. олар мұның түрін көріп: не істеп жүрсің? – деп сұрапты. құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
Астана мактанышым
Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды. а Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?.
Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін!
Адамгершілік - асыл қасиет
Адамгершілік - бұл рухани тәрбие. Адамгершілік адам бойындағы ең асыл қасиет және а ң ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз өзін сыйламайды.
Адамгершілік адамның рухани арқауы. А жалғыздықта өмір сүре алмайды.Әрдайым арқа сүйейтін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Сол сияқты бізді ата анамыз асырайды,оқытады,тоқытады, біз үшін бәрін беруге дайын. Ал соны бағаламайтын жандар қаншама. Қартайған шағында кез келген ата ана көмекке зәру болады. Өз құрсағынан шыққан сәбиден әрине жақсылық күтеді. Бірақ керісінше жасы жеткенімен ата анаға масыл болып отырған адамдар қаншама. Сондықтан да біздің ең жақын адамдарымызды бағалайық. Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.
«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы еңбек пен ата ана үлгісі» деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай а ң туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Объяснение:
КАРОНА БАСШЫ