В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
юля2716
юля2716
24.04.2020 02:20 •  Қазақ тiлi

《попс формуласын》 пайдаланып,《иммунитетті көтерудің ең тиімді тәсілі》тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар 1-сөйлем: 《менің 》 2сөйлем: 《мен оны былай түсінемі》 3-сөйлем: 《оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей 》 соңғы сөйлем: 《осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келді》осыны жазып беріңіздерші өтінемін

Показать ответ
Ответ:
tatuxa223
tatuxa223
09.10.2020 04:02

"ПОПС формуласын" пайдаланып, "Иммунитетті көтерудің ең тиімді тәсілі" тақырыбында өз ойларымды жазу.

Менің ойымша, иммунитетті көтерудің тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстанып, көкөніс пен жеміс –жидектерді тағамға көп пайдаланып, сонымен қатар сүт тағамдарын жиі ішіп тұру.

Мен оны былай түсінемін: көкөністер мен жеміс – жидектердің, сүт тағамдарының құрамында адам ағзасына қажетті түрлі дәрумендер бар, сонымен қатар соңғы кездері көп адам дұрыс тамақтану бағытын ұстанып жатқандықтан, көкөніс жеу асқазанға пайдалы, әрі артық салмақтан да арылуға көмектеседі. Әсіресе, маусым арасында құрамында С витамині бар көкөністер мен жеміс – жидектерді қолданған дұрыс.

Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Дәрігерлердің айтуынша, адам иммунитетін көтерудің ең тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстану. Иммунитетті көтеру үшін үйлесімді тамақтану маңызды орын алады. Күніне 3-4 рет, уақытылы және дұрыс тамақтану, ол үшін кебектен, витаминді – минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.

Ағзада көбінесе жеміс-жидектер мен көкөністерді қолдану, олардың құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер бактерия мен вирустармен күресетін, ақ түсті жасушалардың бөлуіне ықпал етеді. Ақуызды құрайтын тағамдарды жеу, олар антиденелерді бөліп шығаруға қатысады. Тамаққа бір ас қасық тары мен күнбағыс дәнін қосу – осылайша цитокинды арттырып, иммунитетке жауапты антидененің бөлініп шығуына ықпал тигізеді.

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: тиімді тамақтана отырып, қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұруға және көптеген созылмалы аурулардың алдын алып, өмір жасын ұзартуға болатыны бүгінгі таңда дәлелденгендіктен, отбасы мүшелеріммен салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға көшу керек.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота