Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Колибри (trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі солтүстік және оңтүстік америкаөңірінде кеңінен таралған. денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 – 20 г-дай. жер бетіндегі ең ұсақ құстар. қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, алмекиендерінің түсі біркелкі болып келеді. тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді. жүрегі үлкен әрі қанның құрамындағы гемоглобинніңмөлшері де көп.