Әркімнің туған өлкесі -өзінің құт мекені. Біз үшін туған жер-Ақжайық өлкесі. Себебі бұл жерде біздің ата-анамыз, ағайын-туысымыз, ең жақын адамдарымыз өмір сүреді. Ақжайық өлкесі-талай намысты ерлерді, атақты тұлғаларды, таланттарды тудырған қасиетті өлке. Бұл өлке Исатай батыр мен Махамбет ақынды, күйші Құрманғазы мен Динаны, батыр апамыз Мәншүкті, ақын -жазушыларымыз Тайыр Жароков пен Жұбан Молдағалиевті, Қадыр Мырза Әліні, Ақұштап Бақтыгерееваны, әнші Роза Жаманова мен актриса Хадиша Бөкееваны, атақты суретші Сәкен Ғұмарды тағы да басқа осындай талантты адамдарды сыйлаған құнарлы өлке.
1-тапсырма. Мәтін бойынша 3 сұрақ жаз.
1.
2.
3.
3-тапсырма Өлеңді оқы. Сұраққа жауап жаз. ( письменно ответьте на вопросы по содержанию стихотворения) 110-бет
Ақұштап Бақтыгереева — қазақтың , жайықтың ақ шағаласы атанған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері.
"Ақжайық арнаға түс арындама"
Ақ жайық, арнаға түс арындама
Ару Жайық, ерке өзен, сабырлағын,
Бұл көктемде сен неге арындадың?
Құм мен тастан өрілген жарқабаққа
Ғажап болды-ау осынша бағынбауың.
Жайсаң қызға ел сені тең деп еді,
Мінезіңді адуын көрмеп еді.
Әлде сенің жанынды қинады ма,
Жарты ғасыр Нарынның шөлдегені.
Табиғатқа, тағдырға бағындың да,
Қыста ұйықтадың мүз көрпе жамылдың да.
Ақ айдынға аққулар еркелейтін,
Бір дәуренді өзің де сағындың ба?
Өлең бойынша сұрақтарға жауап жаз
А.Бақтыгереевнаның өлеңі не туралы?
Жайық қандай мінез көрсетті?
Ол нені сағынды?
Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп жазыңдар (напишите значение слов)
сабырлағын -
арындадың -
жарқабақ -
Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.[1][2]
Билігі
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
Өзгерістер
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
Объяснение:
ответ:жинақы мәтін:Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық бөлімі ашылып, ол 1946 жылы Қазақ КСР-інің Ғылым академиясы болып қайта құрылды.Академияның тұңғыш президенті көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, танымал ғалым, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болды.Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында 43 ғылыми мекеме, олардың ішінде 38 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді.Құрамына ғылыми-зерттеу мекемелері, тәжірибе стансалары мен шаруашылықтар енген Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы табысты еңбек етті.