Сұрақтарға жауап бер. 1. Иван Курностың сөзінен кейін балықшылар қандай шешімге келді? 2. Балықшылардың шешіміне Еламан не себепті келісті? 3. Еламан - қандай адам? Ассоциограмма құрастыр.
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. Алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. Мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. Мен Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғынымын. Менің бұл жақта достарым өте көп. Біз ер бала болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. Алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз. Каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. Ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. Неге екенін білмеймін?! Ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. Олар өте жақсы адамадар, мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. Атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. Мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. Өйткені, ол сөздер адамға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. Мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. Жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. Атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. Таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл балаларымен ойнаймын. Ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз. Асық, ләңгі, аударыспақ, күрес және басқа. Бұл ойындар ер балалар ойнайтын қазақтың ұлттық ойындары. Негізінде футбол ойыны Қазақстанда жедел түрде дамып келе жатқан секілді. Қай жерде болмасын, ер балалардың бастары қосылса футбол ойынын ойнайды. Сол секілді біз де бұл ойынды ойнағанды жақсы көреміз. Мені бұл жақта балалар «Марио» деп атайды. Ол - Германия футбол құрамасында доп тебеді. Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатында бұл құрама чемпион атанған. Сол кезде финалда аргентиналықтардың қақпасына өзінің үздік голын салған осы Марио болатын. Мен бұл Әлем чемпионатын үзбей қарадым. Ауылда футбол алаңында барлық баланың басы қосылып, бөлініп осы ойынды ойнаймыз. Ойнап болған соң жүгіріп ауылдағы тауға мінеміз. Ол жақтан ауыл алақандай болып көрінеді. Бұл ауылда тұз өндіріледі. Ауылда асыр салып ойнап, қалаға қайтамын. Қаладағы күндерім де өте қызық. Өзім түрлі нәрсемен айналысқанды жақсы көремін. Сондықтан болар, барлық күнім өте қызықты өтеді. Мен бос уақытымды тиімді пайдаланғанды жақсы көремін. Мысалы, кітап оқимын, сурет саламын, анда-санда өлең шығарамын, заттарды фантазиямен түрлендіремін. Шығарған өлеңдерімді жақында «Балапан» телеарнасына жолдаймын. Менің каникулым осылай қызықты өтті. Бірнеше күннен кейін мектепке барамын. Тағы бір сыныпқа өстім. Бұл сыныпты да жақсы бітіріп шығатыныма сенімім мол.
Сəлем, достым. Есінде ме, сен менен мектебім туралы айтуды сұрағансың? Бұл хатымда саған мектебім туралы айтып беремін. Менің мектебім үлкен,таза əрі жарық. Мектебім үш қабатты. Бірінші қабатта асхана орналасқан. Мұнда өте дәмді тамақ жасайды. Мен мұнда жиі тамақтанамын. Мұнда сүйіп жейтін тағамым- самса. Екінші қабатта спортзал орналасқан. Ол өте үлкен, дене шынықтыру сабағын өткізуге өте ыңғайлы. Мектебімізде өте көп балалар оқиды. Менің ойымша , оларға да мектебіміз ұнайды. Біздің мұғалімдеріміз де өте жақсы,мейірімді, білімді адамдар. Күн сайын біз жаңа білім аламыз. Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қатынас өте жылы және сенімділікке толы. Міне, енді мектебім туралы білесін, сау бол. Маған міндетті түрде жауап жас ! Привет друг, помнишь ты просил меня рассказать тебе о моей школе? В этом письме я расскажу тебе о ней . Моя школа большая, чистая и светлая. Она трехэтажная. На первом этаже расположена столовая. Здесь очень вкусно готовят. Я очень часто здесь перекусываю. Мое самое любимое блюдо, которое я здесь ем- самса. На втором этаже расположен спортзал. Он очень большой и удобный для проведения урока физической культуры. В нашей школе учиться много детей. Я думаю, им тоже нравится наша школа. И учителя у нас очень хорошие, добрые, образованные люди. Каждый день мы получаем новые знания. Отношения между учителями и учениками очень теплые и полны доверия. Вот, теперь ты знаешь и моей школе, пока. Обязательно напиши мне ответ!
Менің мектебім үлкен,таза əрі жарық. Мектебім үш қабатты. Бірінші қабатта асхана орналасқан. Мұнда өте дәмді тамақ жасайды. Мен мұнда жиі тамақтанамын. Мұнда сүйіп жейтін тағамым- самса.
Екінші қабатта спортзал орналасқан. Ол өте үлкен, дене шынықтыру сабағын өткізуге өте ыңғайлы.
Мектебімізде өте көп балалар оқиды. Менің ойымша , оларға да мектебіміз ұнайды. Біздің мұғалімдеріміз де өте жақсы,мейірімді, білімді адамдар. Күн сайын біз жаңа білім аламыз. Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қатынас өте жылы және сенімділікке толы.
Міне, енді мектебім туралы білесін, сау бол. Маған міндетті түрде жауап жас !
Привет друг, помнишь ты просил меня рассказать тебе о моей школе? В этом письме я расскажу тебе о ней .
Моя школа большая, чистая и светлая. Она трехэтажная. На первом этаже расположена столовая. Здесь очень вкусно готовят. Я очень часто здесь перекусываю. Мое самое любимое блюдо, которое я здесь ем- самса.
На втором этаже расположен спортзал. Он очень большой и удобный для проведения урока физической культуры.
В нашей школе учиться много детей. Я думаю, им тоже нравится наша школа. И учителя у нас очень хорошие, добрые, образованные люди. Каждый день мы получаем новые знания. Отношения между учителями и учениками очень теплые и полны доверия.
Вот, теперь ты знаешь и моей школе, пока. Обязательно напиши мне ответ!