В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
lam3r
lam3r
02.09.2021 15:53 •  Қазақ тiлi

Сұрақтарға жауап беріңіздер. 1 «Бәйтерек» поэмасында қандай мәселелер көтереді?

2 «Бәйтерек» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?​

Показать ответ
Ответ:
Sakura171
Sakura171
06.04.2021 16:50

Бәйтерек - ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Мұндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады.

Бәйтерек туралы ұғым-түсініктер халық мифологиясында ерте заманнан бар. Кейбір халықтардың мифологиясында баяндалғандай, әлем моделі екі түрлі болады. Бірі - тік те, екіншісі, көлденең құрылым. Осының екеуі де қазақ мифологиясында бар. Көлденең модельдің көрінісі дүниенің төрт бұрышын кезген Қорқыт туралы әпсанада кездеседі. Өлімнен құтылу үшін батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке де барған Қорқыт барлық жерде өзіне қазылып жатқан көрді көріп, ең соңында Сырдарияның қақ ортасына келіп дамылдайды. Сырдария өзені бұл жерде тұтас әлемнің кіндігі болып көрсетіледі де, жартылай көлденең, жартылай тік модельдің бейнесі ретінде суреттеледі.

Ежелгі мифологиялық таным бойынша үлкен өзендер әлем ретінде қабылданады, өзен басы - жоғарғы қабат, ортасы - ортаңғы қабат, аяғы төменгі қабат. Қорқыттың Сырдарияның қақ ортасына келу себебі де осы. Мұндай үш қабат - тұтас әлем туралы мифологиялық түсініктің бізде де сақталғаны жөнінде Ш.Уәлиханов жазып қалдырған.

Әлем халықтарының мифологиясында үш қабаттан тұратын әлемді үлкен зәулім ағаш түрінде суретгеу кең орын алған. Бәйтерек немесе Дарақ ағаштары мифтік үш қабатты, яғни аспанды, жерді, жерастын тік бағытта жалғастырып тұрады. Ғылымда оны әлемдік ағаш деп атайды. Бүкіл ғаламның тағдыры осы ағашпен байланыстырылады. Ол - төменгі, ортаңғы, жоғаргы қабатты, бір-бірімен араластырмай, ұстап тұрған тіреу, тұтас әлемді таза ұстауға қызмет атқарады, осы үш қабаттағы тіршілік иелерінің тағдырларына әсер етеді. Зәулім ағаштың түбінде, яғни төменгі қабатта үлкен жылан жатады, ал ұшар басында, яғни жоғарғы қабатта құс патшасы тұрады, бұлардың бәрі - мифтік санада орныққан түсініктер.

Көнеден келе жатқан қазақ мифологиясында Бәйтерек - күллі ғалам бейнесі, ол жерастынан өрлеп, жер үстін көктей өтіп, аспанға тіреледі. Байырғы ортаның мифтік санасы көрінетін ауыз әдебиеті нұсқаларында қаһарман әртүрлі себептермен жерастына түседі. Төменгі әлем қараңғы, зұлым күштердің мекені, өлілер патшалығы. Осы әлемге тап болған қаһарман көкке тірелген Бәйтерекке келеді. Бәйтеректің түбінде айдаһар, төбесінде Самұрық құстың ұясы, ұяда жұмыртқа немесе жаңа ғана жұмыртқадан шыққан шақа балапандар. Мифтік қаһарман айдаһарды өлтіріп, балапандарды ажалдан құтқарады. Самұрык құс қаһарманға ризалығын білдіріп, Бәйтеректі бойлай ұшып, оны төменгі қабаттан ортаңғы қабатқа алып шығады. Әлемнің төменгі қабатына түскен мифтік қаһарманға жарық дүниеге шығатын жол тек Бәйтерек арқылы жүзеге асады.

Бәйтерек зұлымдық патшалығының өкілі айдаһарды үстіңгі қабатқа жібермей, қаһарман келгенше төменде жорғалатып қояды, тіпті төбесіндегі балапандарға да жібермейді. Сөйтіп Самұрықтың ұясын да, жоғарғы қабатты да таза ұстайды, өзі де шайқалмай, тіп-тік күйінде тұрады. Ол - мәңгіліктің символы. Самұрық қаһарманды жер бетіне алып кеткенде де Бәйтерек оның ұясын, балапандарын қарауылдап қалады. Бәйтерек тек үш қабатты байланыстырып тұрған дәнекер ғана емес, адамға ізгілік жолын көрсетуші, жақсылық жасаушы. Бәйтерек жай ағаш емес, ол өте үлкен, «үйдің жуандығындай», алты қанат киіз үйді көз алдыңызга елестеді. Мифологиядағы Бәйтеректің осыншама ізгілікті қызметі ел танымына ерекше ықпал етіп, керемет ағаш деген ұғым қалыптастырған да, «бәйтерек» сөзі қосымша астарлы мағынаға ие болган. Бәйтерек атауына байланысты тілімізде қолданылатын сөз орамдарынан оның бірнеше мәнде: кәдімгі зәулім ағаш; екіншісі, әлем ағашы; үшіншісі - мықты, зор, күшт мағынасында; төртіншісі, тірек, сүйеніш, қорған, пана мәнінде ұғынылатынын байқаймыз.[1]

Объяснение:

Нақты ақпаратты білмедім

0,0(0 оценок)
Ответ:
Danil545333
Danil545333
06.04.2021 16:50

дчдчдлчдчдсдмб дшсссдщм8слсьв

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота