Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков « Әпке » шығармасы 1- тапсырма.Сұраққа жауап
1.Д.Исабековтің қандай шығармаларын білесіздер?
2.Жазушы туындыларының негізінде саханаланған қандай қойылымы бар?2- тапсырма.Мәтінді түсініп оқып, онда көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды.
Ермек оянып кетеді де,сыртқа жүгіреді.
Ермек.Әпке.Әпке.
Қамажай.Ермекжан, әпке дегенің қалай? Мен сеің мамаңмын.
Ермек.Жоқ, сен әпкем екенсің.Менің мамам өліп қалған.Сен әпкем екенсің,әпкем екенсің.
Қамажай.Жоқ, мен сенің мамаңмын.Әпке деме, мама де, мама де.
Үстел басында Қамажай ,сіңлісі,сіңлісінің құрбысы тамақ ішіп отыр.
Нәзила.Илансаң бар ғой, әпке,таңертеңнен бері Гауһар екеуміз дым сызған жоқпыз.
Қамажай.Немене,ақшаларың болмай қалды ма?
Нәзила.Жоқ, өзің берген бір сом ақшам да болды. Гауһар да құралақан емес екен.Уақыт жоқ.Ательеге барып едік, қырғын,адам көп екен, шаршап өле жаздадық. Так что, әпкешка, бүгін алдымызға күнжара қойсаң да , жей береміз.
Қамажай.Ақшаларың болмаса, ательеге неге барып жүрсіңдер?
Нәзила. Бұрынғы ақшалы кездерім есіме түсіп... Ательеге ақшалы адамның баруы жаңалық емес. Қолыңнан келсе, ақшасыз барып көр.(Күліп.)Жай айтқаным ғой. Әпке деймін, ательеге маркизет түсіпті.Гауһарда азын- аулақ ақша бар екен, мен одан қарызала тұрмақ едім.Жете алмадық. Жете алмағанымыз да дұрыс болды.Әйтпесе кейін қайдан тауып берер едік.
Қамажай. Неге?.. Тауып береміз... Тимур ертең айлық алады.
Нәзила. Оның айлығы өзінен артылмайтын болды ғой. Өткен жолы мен оны паркте бір қызбен көргем. Меніңше, финанс жағын сол кісі басқаратын болуы керек.Ал енді іске кіріселік.
Екі құрбы сықылықтай күліп, тамақтан қарбытып жеуге кіріседі ...
Дескриптор:
1. Мәтінде көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды;-
2. Мәтін мазмұнын өз сөздерімен баяндайды;.-
3. Лексикалық құрылымдарды табады;-
4.Тілдік бірліктер арқылы мәтіннің жанрын,стилін,анықтайды.-
3- тапсырма.Жеке жұмыс.Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлесу құрау.
Дескриптор:
1.сұрақтар бойынша диалогке түседі;-
2.жазбаша сөйлем құрауда сөздердің орын тәртібін сақтайды.-
4- тапсырма.Жеке жұмыс.Мәтіндегі тұрақты тіркестің мәнін ашыңдар.
Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан – сол кездің өзінде – ақ көп тың пікірлер айтқан ғалым. «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбегіне тоқталатын болсақ, мұнда Шоқан халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстыра қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттарын ерекшелегені қызғылықты. Поэзияны халықтың рухани серігіне санайды. Бұл жайлы «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышысы не қобызшы музыканттар тастап кеткен», - деп жазады. Өмір шындығының ұқсастығы әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып та көркем тілмен нақышында суреттейді. Көшпелі халықтардағы өлеңді суырып салып айту өнерінің күштілігіне назар аударады. Қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей отырып, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстыруды ойлаған. Қорыта айтқанда, Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы
"Он алты жасар чемпион" (1951)
"Бақыт жолы" (1952)
"Алыстағы ауылда" (1953)
"Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).
"Дала жұлдызы" (1960)
"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)
"Гауһар" (1966) повестерін жазды.
"Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
"Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)
"Әпенденің айласы" (1960)
"Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.
Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).[3]