В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История

Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырат, жалғаулықты және жалғаулықсыз түрлеріне қарай түрлендіріп жаз.
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары танылады және оларға
бостандықтары мен кепілдік беріледі;
2. Америкалықтар алғашында адам құқығы туралы сөз қозғаған жоқ, бірақ өздері жоғары бағалаған
бостандық туралы айтты.
3. Адам құқықтары ең жоғары мәдени құндылықтардың бірі, өйткені олар барлық қоғамдық даму
процестерінің ортасына тұлғаны қояды
4. Менің заңға бағынатыным сонша – оларды үнемі сақтап жүруге тырысамын.
5. Адам өз құқықтары мен бостандықтарын, оларды қалай қорғап қалуды білуі керек, әйтпесе құқықтық
тетіктердің тиімділігі туралы айтудың мағынасы болмайды.
6. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды.
Дескриптор
- салалас құрмалас сөйлем құрастырып жазады. түрлендіреді​

Показать ответ
Ответ:
Ви2006ка
Ви2006ка
08.03.2023 16:32

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.

Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.

Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Tinka123
Tinka123
04.09.2021 11:33

Желтоқсан алаңындағы жыр

Ұжданымды ұлтан етпек табанға,

Қарғыс айтып қан соқталы зауалға.

Айналып жүр қазақтың кең аспанын,

Ұлы ерліктің сыймас жыры қағазға.

Ей, намыстың найзағайдай ұлдары,

Қызыл тілін қылыш еткен қыздары!

Қанды тарих қалшиып тұр мәңгіге,

Жанарында - Желтоқсанның ызғары.

Не көрдің сен қара жұлдыз, қара аспан,

Қан жұттың ба сен де қайсар қазақтан.

Өрімдей қыз өлмес ерлік жыры боп,

Саған қарай рухы ұшып баратқан.

Жер бетінде жеңіс алған белестер -

Есіл бабам ерлік қылған егестер…

Желтоқсанда қайта шауып басына,

Буырқанған бабам қаны емес пе ол!

Оу, мені кім дейсің?!

Қарсы алдымда хас жауымның қаңқасы,

Қос қолымда Қобыландының балтасы.

Азығыма ақ анамның малтасы,

Азуымда найза таудың жаңқасы.

Қонысыма көз қызартқан қалмақтың,

Қанжығама басын берді қаншасы.

Тұлпарының тұяғымен сызылған,

Қазақтың бай даласының картасы.

Ей, ұлы Алаң, лаңды Алаң!

Өзен шайып, өте алмайтын қанды Алаң.

Қара жерден шөлі қанған сенсің-ау,

Қан мен жасқа әлі шөлі қанбаған.

Сұрап алып сұрқы кеткен айдан нұр,

Азаттыққа арпалысқан майдан бұл.

Құрмет саған, Желтоқсандық боздақтар,

Өшпейтін жыр бұл- алаңға ойған жыр!

Солмайтын гүл, бұл алаңға қойған гүл,

Солмайтын гүл ойсыздарды ойландыр.

Орысшалап қала қызы қарқылдап,

Бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр…

Кім бар енді тағдырына үңілер,

Босамаған болат жүрек, сірі қол.

Жалғыз өзі жаттап жүр ме ішінен,

Тас түрменің жазып болып жырын ол?

Қатал уақыт заулап бара жатыр-ау,

Әділетті әлі іздеп жүр тірілер.

О, желтоқсан аждаһамен алысқан,

Соған жаны жігеріңді жанытсаң.

Қайраттардың рухын айт алдымен,

Жер бетінде қай қазаққа жолықсаң.

Жасыл шарда қазақ деген атыммен,

Қанаттасып ұшып барам ғасырмен.

Желтоқсанда жауап бергем жаһанға,

Бодандыққа бағынбайтын басыммен!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота