– Саша, сәлем! Оқу жылының басталуымен құттықтаймын! – Рақмет, Әлібек, сені де құттықтаймын!
– Мектебіңде қандай инновация бар?
– Біздің мектебіміз жаңа, сондықтан көп артықшылығымыз бар. Сексеннен аса кең әрі жарық кабинет бар. Олардың барлығы талапқа сай. Жаңа компьютермен жабдықталған, ғаламтор қосылған. Бес мыңдай кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Мұғалімдеріміз де – білімпаз кісілер. Бізге басқа не керек?
– Солай деп ойлайсың ба? «Өзекті мәселе шешілген, кемшілік жоқ», – дейсің ғой?!
– Айтпақшы, ұмытып барамын, мектепте жүзу бассейні бар. Он шақты үйірме жұмыс істейді. Би, домбыра, қазақша күрес, самбо, таэквондо, тоғызқұмалақ және тағы басқа.
– Оның бәрі жақсы-ау... Бірақ қазір мектептер жаңаша жұмыс істей бастады ғой.
– Сонда бұлар–инновация емес пе?
– Қазір өркениетті елдердің мектептерінде оқушылар сабақты өздері таңдап оқиды екен.
Диалог мәтінінен құрамында болжалдық сан есім бар сөйлемдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндір.
Өнер алды қызыл тіл.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Тіл - буынсыз, ой түпсіз.
Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Тіл қаруы - сөз,
Сөз қаруы - ой.
Тіл – шекер,
Бала – кетер,
Байлық – бекер.
Тіл жүйріктен де озады.
Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Тіл – тиексіз.
Басқа пәле – тілден.
Ат жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Піл көтермегенді,
Тіл көтереді.
Сүңгінің жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Жұмбақтар
Бір отаудың ішінде отыз бөрі,
Бар жалғыз қызметкері өте епті.
Он жігіт алып барып тастағанда,
Отаудың бүлкілдейді екі жері. (Тіл, тас, саусақ, ерін)
Мен жұмбақ айтайын табасын ба,
Айналып ақ қаланы шабасын ба? (Тіл, тіс)Екі тақта арасында
Екі тақта арасында
Қимылдайды қызыл тақта. (Тіл)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіс, тіл)
Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (Тіл)
Махаббат туралы мақал-мәтелдер:
Доссыз — өмір тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.
Махаббатсыз өмір тастақта өсіп қурап қалған ағашқа ұқсас.
Доссыз — көңіл тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.
Досы жоқ
Сырын кімге айтады?
Тыңдаушысы жоқ
Жырын кімге айтады?
Азапсыз махаббат —
Арзан махаббат.
Шынайы махаббат айрылысумен ұмытылмайды.
Тұрақсыз махабаттың шырағы жанбайды.
Махаббат кемістік көрмейді.
Махаббат молаға да мойымайды.
Ақыл махаббат тұзағына тап келсе,
Қашарға жол іздейді.
Бұл дүниені ұстап тұрған — махаббат,
Егер сүю болмаса, адам да болмас еді.