Сері
қой.
-тапсырма.
«Менің сүйікті әнім» тақырыбы бойынша
әңгіме құр.
МӘТІНМЕН ЖҰь
ЗМЫС
Mard
ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
Ды. 1
көрі
-тапсырма.
мәтінді тыңда. Оқы. Түсінгеніңді баянда.
МӘТІН
жақсы
ЖАЗЫЛ
ОН — халықтың мұрасы. Ән — өнер. Ән – адамның көңіл күйі, қуанышы, сезімі.
менің ұлтым — орыс. Маған қазақ әндері ұнайды. Менің анам қазақша әндерді және
айтады. Мен де анаммен қосылып ән айтамын. Мен «Атамекен» ӘНІН жақсы көремін. Ол
патриоттық ән. «Атамекен» — туған жерге арналған ән. Бұл ӘН 1970 жылы жазылған. «Ата.
мекен» әнін Қазақстан Республикасының халық әртісі Ескендір хасанғалиев орындайды
Ескендір Хасанғалиев шетелде жүрген кезінде Қазақстанды сағынады. Атамекен туралы
ән жазады. Әннің сөзін ақын Қадыр Мырза-Әлі жазған.
«Атамекен» әнін халық жақсы көреді. Бұл әнді Ескендір хасанғалиев айтқан кезде
халық орнынан тұрып, бірге айтады.
1770 жылы Ескендір Хасанғалиев Швеция елінде осы әнді айтады. Стокгольм қаласының
адамдары «Атамекен» әнін айтқан Ескендір Хасанғалиевке үлкен қошемет көрсетеді.
Қазіргі кезде дейін бұл әнді бәрі айтады.
«Атамекен» — Қазақстан халқы сүйіп тыңдайтын ән. Өйткені Қазақстан – бәріМІЗДІҢ
ортақ атамекеніміз.
Сен «Атамекен» әнін білесің бе? Кел, қосылып айтайық!
«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.