) Шортанбайдың зар заман ақындары қатарына қосылу себебі неде деп ойлайсың ?
2 ) Шортанбай шығармаларының басты тақырыбын анықта.
3) Бүгінгі заманның Шортанбайларына кімдерді жатқызасыз?
2-тапсырма. «Зар заман және Шортанбай» тақырыбына тарихи шолу жасап,
мәліметтерге сүйене отырыэссе жазыңдар. Эсседе Шортанбай толғауларының
көркемдігі мен жанрлық ерекшелігіне мән беріп, тақырыбын ашу маңызды.
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.