СОч Оқылым.
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз (Прочитайте текст и выполните задания ниже).
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі - Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
(125 сөз)
Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз(Определите опорные слова из текста) (3 cөз немесе сөз тіркесі).
[1]
Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз(Назовите самую большую библиотеку в мире).
[1]
Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды(Где расположена библиотека и когда был построен)?
[1]
Кітапханада қай елдің туындылары сақталған(Произведения какой страны сохранены в библиотеке)?
[1]
Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз(Определите главную тему текста).
[1]
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз (Прочитайте внимательно текст и выполните задания ниже).
Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен.
Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен.
Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар.
Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды.
(156 сөз)
Судың қандай қасиеті ауруларды жазады(Какие качества воды лечит болезни)?
А) минералдарды реттеуі
В) иммунитетті күшейтуі С) түрлі қалыпта болуы
таза энергиясы
Судың жетіспеуі ағзаға...(Недостаток воды для организма)
А) күш түсіреді.
В) қатер төндіреді.
С) пайдалы болады.
оттегін тасымалдайды.
Су тапшылығының адамзатқа кері әсері қандай(Какое обратная реакция недостатока воды для человечества)?
А) адамдар ауруларға ұшырайды
В) емдік мақсатта қолданады С) суды үнемдеуді түсінеді
мұздықтарды ерітеді
[3]
[1]
Жазылым.
Берілген тақырыптар бойынша жазбаша диалог құрастырыңыз(Составьте письменный диалог по данным темам).
1.Су - тіршілік тірегі
2.Судың адам ағзасына пайдасы
3.Мектеп кітапханасында
1)Тірек сөздер: кітапхана, кітап қоры, оқу залы, мемлекет, мемлекеттің астанасы, мемлекет, конгресс, ұлттық.
2) Ең ірі кітапхана конгресс кітапханасы.
3) Конгресс кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат призиденті Джон Адамс мемлекетінің астанасын Филадельфияда Вашингтона ауыстыру туралы залға қол қойған кезде құрылған.
4) Конгресс кітапханасында Қытай және Жапон елінің туындылары сақталған.
5) Конгресс кітапханасы.
4) Конгресс кітапханасында Қытай