Барлығымыз таңғы, түскі, бестік ас ішеміз және соңынан жақсылап тұрып ең тойымды деген кешкі асты ішеміз, солай емес пе? Біз алдымызға бір мақсат қойдық делік. Мысалы мен бір үлкен халықаралық компанияға жұмысқа тұрғым келеді. Бұл біздің кешкі ас. Біз енді осы кешкі асқа дейін басқа бір тағаммен асқазанымызды алдап қойып отыруымыз керек. Мүмкіндігінше басқа бір шет жақтағы тағамдар жеп қоймауымыз керек (официант, разнорабочий болып кетпеу, орифлейм деген сияқты жерлерге кіріп кетпеу әсіресе). Ол үшін біз таңғы, түскі, бестік астардың мәзірін, жейтін уақыттарын дайындап алуымыз керек. Жоғарыда айтылған «кешкі асқа» жету үшін мысалы менің мәзірім былай болуы керек:Таңғы ас: Ағылшын тілі (ағылшын тілінсіз қанша жерден білікті маман болып тұрсам да мені халықаралық компания жұмысқа алмайды).Түскі ас (түскі ас бірінші, екінші, салат, компот болып бөлінеді): Көздеген мақсатымыз халықаралық компания болғандықтан ол жерде маған қарағанда біліктірек мамандар жұмыс істейді, ол екі бастан. Сол үшін барғалы отқан мамандығыңызға байланысты түскі ас мәзірін жасап алу ең маңызды бөлім. Бұл бөлімді білім жинау мақсатында қолдану керек. Мысалы мен бағдарламашымын. Менің түскі ас мәзірім (менің өз мамандығым бойынша білмейтін, бірақ керекті «өнерлер»):1. Windows Server Операциялық жүйесі және Keryo бағдарламасымен жұмысты үйрену2. Cisco байланысын орнату және баптауды үйренуСалат: Көшіру және басып жығару құрылғыларын (ксерокс, сканер, принтер, факс) жөндеуді үйренуКомпот: Үйренгендерім бойынша өз бетіммен жұмыс істеп көруТәбетіңізге байланысты түскі ас мәзіріне нан қоссаңыздар да болады.Бестік ас: Кез келген жерге жұмысқа қабылдамас бұрын собеседование (қазақшасын білмейді екенмін) жасайды. Бестік асыңызды дұрыс сөйлесуді үйренуге арнаңыз. Қанша жерден бармағыңыздан бал тамған шебер болсаңыз да, дұрыс сөйлей немесе өзіңізді ұстай білмесеңіз сізді жұмысқа алуы екі талай.Осы мәзірлермен «тамақтанып» алған соң кешкі асқа кірісе берсеңіздер болады. Ас болсын!P.S.: «Таңғы, түскі, бестік және кешкі асты» жұмысқа тұрудан басқа да мысалдарға қолдануға болады. Бастысы Мәзірді дұрыс жасау керек.