СОР НАЙТИ НАРЕЦАТЕЛЬНЫЕ СУЩЕСТВИТЕЛЬНЫЕ
Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған ір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:
– Сәлеметсіз бе, қырғауыл!Қалай тұрасың, достым? - деді.
– Жақсы сөзіңе рақмет!Өзіңіз қалай тұрасыз? - деді қырғауыл.
– Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, - дейді түлкі.
– Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - деді қырғауыл.
– Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес!Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі.
– Жақсы хабарыңыз бар екен, досым!Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, - деді қырғауыл.
Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.
– Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? - деді қырғауыл.
– Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, - деген түлкінің даусы алыстан естілді.
Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.
Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемСұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалуыСұраулы сөйлемнің жасалуы:
сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады; сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі; сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі; сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.моё утро начилось как обычно: я проснулся,пошёл почистил зубы.потом я пошёл попил чай с моими любимыми конфетами (впиши названия конфет).я пошёл посмотреть свой любимый мультик(впиши названия мульта).потом неожиданно за мной зашли мои лучьшие друзья(имена).вначале я спросился у мамы: мам можно мне сходить погулять? и она меня отпустила.потом мы целый день с моими лучшими друзьями играли в футбол,баскетбол и даже сходили в бассейн.
время пролетело так не заметно! и потом я сел делать уроки,пошёл мыться,посмотрел теливизор и пошёл спать