Составьить интервью с текстом: 1990 жылдан бастап алынатын су көлемдерінің азаю тенденциясы байқалады . 2000 жылдардағы табиғи су көздерінен алынған судың көлемі 1990 жылдардағы су тұтынумен салыстырғанда , 918 текше метр азайды және 20,57 текше шақырымды құрады . Қазіргі кезде суландыруға 15 текше шақырым жуық көлемде су қолданылады . Соның өзінде суармалы егіншаруашылығы дамыған Қызылорда , Оңтүстік Қазақстан , Алматы облыстарындағы су тапшылығы сақталып отыр , оның ішінде өте ылғалтартқыш – күріштің өндірісі . Экономика салаларының 85 пайызы жер беті суымен қамтамасыз етілсе , қалған бөлігі жер астындағы , теңіздегі және сарқынды сулармен іске асады . Ауылшаруашылық саласы — су қорларының негізгі су көлемін пайдаланатын сектор . Бұл жерде су суармалы егіншаруашылығына , одан кейін малдың жем - шөбін даярлау үшін жайылымды суландыруға , сонымен бірге ауыл тұрғындары мен малды сумен қамтуға жұмсалады . Жер беті суларымен жүйелі суландыру , негізінен , оңтүстікте және республиканың оңтүстік - шығысында Сырдария , Іле , Шу , Талас , Ертіс және басқа өзендер бассейнінде өте жақсы дамыған . Жайылма суландыру , негізінен , Солтүстік және Батыс Қазақстанда көктемгі суды пайдалану арқылы жүзеге асырылады . Олар - Есіл , Торғай , Тобыл , Жайық тағы басқа өзендері .
Қара қарға – басы, қанаты, құйрығы, арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.
Торғай –- сүйір тұмсықты кіп – кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.
Сары шымшықтың кеудесі сары, қауырсындары көкшіл болып келеді. Ол үйдің қасында жүреді
шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі - қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
Күн суытқан кездері оларға күнбағыс, кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды.