Менің арманым дүние жүзін аралап шығу. Оған қазірден бастап дайындалудамын. Қалай дейсіз ғой? Ең бірінші күнделікті сабақтарыма дайындаламын. Онан соң бір сағат уақытымды тіл үйренуге жұмсаймын. Мен қазір ағылшын тілін жетік білемін. Енді қытай тілін үйрене бастадым. Бос уақыттарымда тағы әр елдің әдет-ғұрыптарын оқып, танысамын. Осылай арманымның орындалуына оң қадамдар жасаудамын.