Сәлемдесу барлық елдің, барлық салтында бар. Күнде біз мектепте сыныптастарымыз бен ұстаздарымызбен, көшеде таныстарымызбен, аулада көршілерімізбен сәлемдесеміз. Хал- жағдай сұрасамыз. Сәлемімізге сәлемдескен адамның сәлемін аламыз. Сәлемдесу әдептілік, ізеттілік белгісі.