Хабар» Агенттігі» АҚ-ның тарихы 1995 жылдан бастау алады. Сол кездегі Қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» Ұлттық Телевизиялық Ақпараттық Агенттігі құрылады.
Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын бес арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» мен «24 KZ» телеарналары, ұлттық жерсерік (спутниктік) телеарнасы – «Kazakh TV», сонымен қатар кабельдік желілерде ағартушылық бағыттағы бағдарламаларды эфирге шығаратын «Білім және Мәдениет» телеарнасы кіреді.
Қазақстан бойынша 98,74 % телекөрермендер аудиториясын қамтиды.Агенттіктің Қазақстанда 15 және Австрия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және Украина елдерінде 7 тілшілер пункті бар.
«Хабар» Агенттігінің» қызметкерлері мен телебағдарламалары ұлттық және халықаралық деңгейдегі түрлі марапаттарға ие болған.